Ресейлік қақпашы: Қазақстан құрамасында ойнасам қосымша сыйақы беретіндерін айтты

Ресейлік қақпашы: Қазақстан құрамасында ойнасам қосымша сыйақы беретіндерін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік «Сочи» клубының қақпашысы Сослан Джанаев «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұқбатында Қазақстаннан түскен ұсынысы жайлы айтып берді.

2013 жылдың соңында командасыз қалған кезімде Қазақстаннан дайын ұсыныс түсті. Керемет ұсыныс еді — Кафанов Қазақстан құрамасында қақпашыларды дайындайтын. Азаматтығымды өзгертіп, ұлттық құрама сапында ойнауды ұсынды. Бірақ Қазақстанға кетіп, құжатымды өзгертсем Ресейге ендігі қайтып орала алмайтынымды түсіндім. Қаржылай өте жақсы ұсыныс болған. Ұлттық құрамада ойнасам қосымша сыйақы тағайындалатынын айтты. Бірақ мен бас тарттым!, - дейді қақпашы.

Айта кетейік, Сослан Джанаев мансабында ресейлік «Спартак», «Ростов», «Рубин» секілді командаларда ойнаған.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер