Қазақстан еурокубок маусымының үздік 10 елінің қатарына енді

Қазақстан еурокубок маусымының үздік 10 елінің қатарына енді
news-banner7
mobile-news-top

Күні кеше қазақстандық клубтар үшін Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аяқталды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Люксембургтің «Женесс» командасын жеңе алмаған «Тобыл» үшін биылғы еуродода аяқталса, «Қайрат» пен «Ордабасы» қарсыластарын ұтып келесі кезеңге жолдама алды.

Ел чемпиондары «Астана» сырт алаңда «ЧФР Клуж» командасына есе жібергеннен кейін жарыс жолын Еуропа лигасында жалғастырады.

Осы нәтижеден кейін Қазақстан еуродода маусымының рейтингінде 17-ші орыннан 9-шы сатыға жоғарылады. Ал УЕФА коэффициенттер кестесінде 25-ші орында қалды.

Еурокубок маусымының үздік 10 елі:

1. Испания — 2,285

2. Англия — 2,285

3. Германия — 2,285

4. Италия — 2,285

5. Франция — 2,000

6. Шотландия — 1,750

8. Норвегия — 1,500

9. Қазақстан — 1,500

10. Лихтенштейн — 1,500.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер