ММА

Дамир Смағұлов UFC Fight Night 157 турниріне қатысады

Дамир Смағұлов UFC Fight Night 157 турниріне қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Этникалық қазақ Дамир Смағұлов ГТРК Оренбург телеарнасының «Маевка» бағдарламасына қатысып, алдағы жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Смағұловтың сөзінше, 31 тамызда Шеньчженде (Қытай) өтетін UFC Fight Night 157 турниріне қатысуы мүмкін.

«Менеджерім Саят Абдрахманов хабарласып, UFC Fight Night 157 турниріне қатысатынымды айтты. Қарсылас таңдалған, қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Әрине, басты мақсат – UFC. Өз Отанымда да жекпе-жек өткізгім келген», - деді спортшы.

Бұған дейін Смағұловтың Орынборда өтетін M-1 Challenge 104 турниріне қатысатынын жазған болатынбыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер