Хоккей

Өзбектер қазақтармен хоккей ойнамақшы

news-banner7
mobile-news-top
Өзбекстан хоккей федерациясы қазақ­стан­дық әріптестеріне Самарқан қаласының «Шердор» хоккей клубын 2019/2020 мау­сым­дағы Қазақстанның ашық чемпионатына қатыстыру туралы өтініш білдірді.
Бұл мәселені талқылау үшін жуырда екі тараптың федерациялары келіссөз жүргізбек. Айта кету керек, егер Қазақстан чемпионатына бірінші шетелдік команда қатысатын болса, турнирдің ережелеріне түзетулер енгізу керек болады.

Сонымен қатар Қазақстан хоккей феде­ра­ция­сы­ның өкілдері «Шердор» командасының арена­сын тексереді. Жоспар бойынша, «Самарқан Арена» мұз сарайы қыркүйекке дейін тапсырылуы керек.
Түпнұсқасы: egemen.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер