Бокс

Қайрат Ерәлиев Азия чемпионатында кеткен есесін қайтарды

news-banner7
mobile-news-top

Бокстан әлем чемпионы Қайрат Ерәлиев Азия чемпионатында кеткен есесін қайтарды. Президент кубогі додасында Ерәлиев үндістандық Синх Кавиндерді жеңді.

Құрлық додасына Қайрат төрешілер шешімімен қарсыласқа жол берген еді. Азия чемпионатында Кавиндер финалға жетіп, күміс жүлдегер атанды. Өз жеріміздегі жекпе-жекте Ерәлиев 5:0 есебімен жеңіске жетті. 19 шілде күні өтетін жартылай финал бәсекесінде ол Алматы облысының өкілі Рустам Рустамовпен кездеседі.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер