Александр Меркель өз клубына жеңіске жетуге көмектесті

Александр Меркель өз клубына жеңіске жетуге көмектесті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық жартылай қорғаушы Александр Меркель өнер көрсететін голландиялық «Хераклес» жолдастық кездесуде германиялық «Рот-Вайсс Оберхаузен» командасын ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Рот-Вайсс Оберхаузен» Германияның батыс аймақтық лигасында ойнайды. Өткен маусымда команда өз лигасында екінші орын алған.

Меркель алаңға 74-минутта шықты. Ойын 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды 61-минутта голландиялық қорғаушы Матс Ноэстер соқты.

Естеріңізге салсақ, Меркель өткен маусымда Голландия чемпионатында 34 матч өткізіп, екі нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер