«Астана» бірінші таймнан кейін «ЧФР-дан» ұтылып жатыр

«Астана» бірінші таймнан кейін «ЧФР-дан» ұтылып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Румынияда «ЧФР Клужға» қарсы қарымта матчта бірінші таймнан соң ұтылып жатыр.

Матч қонақтар үшін сәтті басталған. 4-минутта Роман Мұртазаев алыстан жойқын соққы жасап, «Астананы» алға шығарды.

Бірақ алаң иелері есепті жылдам теңестіріп тастады. Алты минуттан соң Омрани көзге түсті. Бірінші таймның ортасында Постников допты өз қақпасына тоғытып алды. Командалар үзіліске кетер алдында румыниялықтар үшінші голын соққан, бірақ төреші бұл голды есептемеді.

ЧФР (Клуж, Румыния) – «Астана» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 2:1 (бірінші тайм бітті)

Голдар: Мұртазаев 4 (0:1), Омрани 10 (1:1), Постников 26 (автогол - 2:1)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер