«ЧФР Клуж» - «Астана»: тікелей трансляция

«ЧФР Клуж» - «Астана»: тікелей трансляция
news-banner7
mobile-news-top

18 шілдеге қараған түні румыниялық Клуж-Напока қаласында Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында жергілікті «ЧФР Клуж» бен қазақстандық «Астана» арасындағы қарымта матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Нұр-Сұлтанда өткен алғашқы матчта Қазақстан чемпиондары минималды есеппен жеңіске жеткен еді – 1:0. Енді румыниялық клуб бір апта бұрынғы есені өз алаңында қайтармақ. Алайда «Астананың» соққан әр голы алаң иелеріне үлкен проблема әкеледі. Елордалық клуб бүгін жеңіске жеткеннен бөлек, тең түссе не гол соға тұрып, бір гол айырмашылығымен жеңілсе, келесі кезеңге өтеді.

«ЧФР Клуж» - «Астана» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 23:50-де басталады. Ойынды мына СІЛТЕМЕДЕН қарауға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер