Бокс

«Канелоның» Головкинмен үшінші рет кездесуден басқа амалы қалмады

«Канелоның» Головкинмен үшінші рет кездесуден басқа амалы қалмады
news-banner7
mobile-news-top

Белгілі промоутер Эдди Хирн қоластындағы боксшы Каллум Смит жақын арада Сауль Альвареспен кездеспейтінін айтты. Бұл туралы Vringe.com порталына сілтеме жасап inform.kz жазды.

«Хирн Смитке «Канеломен» айқаспас бұрын тағы екі жекпе-жек ұйымдастырмақ. Бұған дейін Ливерпуль тумасы Смит Суперсерияда жеңіске жеткеннен кейін «Энфилд» стадионында титулын қорғауға ниет білдірген болатын. Ол үшін мансабын аяқтаған америкалық Андро Уорд пен қазақстандық Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырмақ болған», - деп жазады портал.

«Канело» өз кезегінде, Головкинмен үшінші рет айқасудан гөрі, ірі жекпе-жек өткізу үшін басқа салмақ санатына ауысудың амалын қарастырған. Бірақ Сергей Ковалев оның ұсынысына көнбей қойды, ал Хирн Смит Сондерспен кездесетінін мәлімдеді. Енді мексикалық боксшының қыркүйектегі жекпе-жегіне Головкиннен басқа боксшы табылмайын деп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер