Әлем футболы

Молдовалық «Шериф» «Энфилдтағы» сценарийді қайталауға аз қалды

Молдовалық «Шериф» «Энфилдтағы» сценарийді қайталауға аз қалды
news-banner7
mobile-news-top

Төртінші голды соғатын молдавалық Александр-Арнолд пен Ориги табылмады.

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Молдованың чемпионы «Шериф» грузилиялық «Сабурталоға» қарсы өз алаңында өткен бірінші матчта 0:3 есебімен есе жіберді.

Грузиядағы қарымта кездесуде «Шериф» сенсация жасауға аз қалды. Жауапты 3 допты алғашқы 11 минутта-ақ молдовалық ұжым соғып тастаған. Әйткенмен, төртінші голды «Шериф» емес, «Сабуртало» соғып кетті.

Айта кетейік, өткен маусымда Чемпиондар лигасының 1/2 финалында «Ливерпуль» бірінші матчта «Барселонадан» 0:3 есебімен ұтылып, Англиядағы қарымта ойында Юрген Клопп командасы испаниялықтарды 4:0 есебімен тас-талқан еткен еді. «Қызылдардың» төртінші голы ерекша жағдайда орын алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер