Бокс

Қазақстан құрамасының үздіктері Президент кубогын жеңіспен бастады

Қазақстан құрамасының үздіктері Президент кубогын жеңіспен бастады
news-banner7
mobile-news-top

Кеше Нұр-Сұлтанда бокстан Президент кубогы халықаралық турнирі басталды. Бірінші жарыс күнінде алты салмақ дәрежесі бойынша кездесулер өтті.

Алғашқы күні шаршы алаңға шыққандар қатарында ұлттық құрама мүшелері де бар.

57 келідегі Қайрат Ерәлиев филиппиндік Марионы еш қиындықсыз жеңді.

Азия чемпионатының қола жүлдегері Санатәлі Толтаев (63 келі) болгариялық Кирилл Русиновты жеңсе, осы салмақтағы Зәкір Сафиуллин (Азия чемпионатының күміс жүлдегері) де келесі айналымға өтті.

69 келіде жұдырықтасқан Абылайхан Жүсіпов алжирлік боксшыны жеңсе, осы салмақтағы Талғат Шайкен қытайлық қарсыласынан айла асырды.

91 келідегі команда үздігі Василий Левит үндістандық Танвар Наманнан басым түсті. Ал Айбек Оралбай Өзбекстан өкілі Сардон Ермұхамедовты жарыс жолынан шығарды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер