Иван Маевский: ЧФР Клуж командасының соңғы ойындарын талдап шықтық

Иван Маевский: ЧФР Клуж командасының соңғы ойындарын талдап шықтық
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Чемпиондар Лигасы аясындағы ЧФР Клуж - "Астана" арасындағы қарымта ойын алдында елорда командасының жартылай қорғаушысы Иван Маевскийдің қатысуымен баспасөз жиыны өтті, деп жазады Prosports.kz, клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

- Қарсылас команданың соңғы ойындары туралы қандай пікірдесіз?

- Біз ЧФР Клуж командасының соңғы ойындарын талдап шықтық. Қарсылас команда өте ұйымшыл ұжым. Біз үшін өз алаңымызда өткен ойын да оңайға соққан жоқ. Ертең бастаған ісімізді соңына дейін жеткізу үшін алаңға шығатын боламыз.

- Алғашқы кездесудегі 1:0 есебінен кейін, ертеңгі кездесуде "Астананы" фаворит деуге бола ма?

- Бұл өз алаңымыздағы өткізген ойын үшін жақсы нәтиже. Дегенмен, қарсылас ертең өз алаңында ойнайды. Біз алғашқы кездесудегі ойын есебіне мән бермей, өзімізге тән ойын үлгісін көрсетуіміз қажет.

- Қарсыластың артықшылықтарына тоқтала кетсең...

- Ол туралы бізде жеткілікті деңгейде ақпарат бар. Бірақ ол жайлы айтқым келмейді. Ең бастысы команда өте ұйымшыл.

- Жергілікті уақытқа, ауа райына бейімделіп үлгердіңіздер ме?

- Барлығы өте жақсы, ауа райы тамаша. Сондықтан да, бейімделу тұрғысынан ешқандай қиындық болған жоқ. Барлық жігіттер өте тәжәрибелі, еуропада доп теуіп жүрген алғашқы жыл емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер