Әлем футболы

«Барселонаның» түлегі «Реал» әлемнің үздік клубы екенін мойындады

«Барселонаның» түлегі «Реал» әлемнің үздік клубы екенін мойындады
news-banner7
mobile-news-top

Жақында «Реалға» ауысқан жапон футболшысы Такефуса Кубо мадридтік ұжымды әлемнің үздігі деп атады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Жапонияда «Реалға» қызығушылық танытатындар көп. Мен әлемнің үздік клубының сапында ойнайтынымды мақтап тұтамын. Бәрінен бұрын, футболшылардың шеберлігіне аң-таңмын. Әріптестерім де, жаттықтырушылар да өте жақсы, командаға сіңісіп кетуіме көп көмектесті», — деді футболшы клубтың баспасөз қызметіне.

Әзірге ол мадридтік клубтың қосалқы командасында доп тебетін болады. «Реал» 20 жасар футболшы үшін «Токио» командасына 2 миллион еуро төледі. Ал Кубоның өзі жаңа командасында жылына 1 миллион еуро жалақы алады.

Бұған дейін Такефуса Кубо сегіз жыл бойы «Барселонаның» академиясында доптың қыр-сырына үйренген.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер