Матео Сушич: Өз алаңымызда қажетті нәтижеге жету үшін барымызды саламыз

Матео Сушич: Өз алаңымызда қажетті нәтижеге жету үшін барымызды саламыз
news-banner7
mobile-news-top

ЧФР Клуж - "Астана" арасындағы қарымта ойын алдында румыниялық команда жартылай қорғаушысы Матео Сушичтің қатысуымен баспасөз жиыны өтті.

- Біз Чемпиондар Лигасындағы жолымызды әрмен қарай жалғастырғымыз келеді. Әрине, "Астана" өте мықты қарсылас. Біз өз алаңымызда ойнағандықтан, жақсы нәтижеге қол жеткізіп, келесі кезеңге өту үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтын боламыз.

- "Астана" сапындағы босниялық ойыншыларды жекелей танисыз ба?

- Біз Марин Аничичпен Боснияда бірге ойнадық. Жиырма жылдан бері таныспыз. Ойыннан кейін жолығып, қал-жағдайымызды сұрастық.

- Ертеңгі ойын алдында "Астана" - "Қайрат" арасындағы кездесуді талдағандарыңызды байқадық. Аталмыш кездесуде алматылық команда қай жағынан басым болды дей аласыз?

- Бұл футбол, доп дөңгелек. Астана соңғы бес жылдағы чемпион болғанымен, кейбір кездесулерде жеңілуі мүмкін.

- Сіздер соңғы үш кездесуде жеңіліске ұшырадыңыздар. Жеңіске жету үшін не жетіспеді?

- Бізге бұл кездесулерде соғылған голдар жетіскен жоқ. Алдағы "Астанаға" қарсы кездесуде осы олқылықтың орнын толтырамыз деген ойдамын.

- Командаңыздың келесі кезеңге өту мүмкіндігін қалай бағалайсыз?

- Біз алғашқы кездесуде 1:0 есебімен жеңіліп қалғандығымызды естен шығармауымыз қажет. Сондықтан, қарсыластың мүмкіндігі жоғары. Дегенмен, ертеңгі ойында лайықты нәтижеге жету үшін барымызды салатын боламыз.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер