Нүркен Мазбаев «Астана» клубының спорт директоры болды

 Нүркен Мазбаев «Астана» клубының спорт директоры болды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін "Астана" футбол клубының спорт директоры қызметіне даңқты қазақстандық шабуылшы Нүркен Мазбаев тағайындалды.

Нүркен Қалдыбекұлы футболшы ретінде бірнеше команда сапында, оның ішінде "Жеңіс" (Астана) сапында ойнап, өз мансабында 138 гол соққан.

Футболшы ретіндегі мансабын аяқтағаннан кейін, "Тараз" футбол клубының бапкерлер құрамында жұмыс жасап, артынша спорт директоры қызметін атқарған. Мазбаев "Тараз" клубынан бөлек, Қазақстан ұлттық құрамасы және көкшетаулық "Оқжетпес" командасында бас бапкердің көмекшісі қызметтерін атқарған.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер