Әлем футболы

«Тоттенхэм» Бэйл үшін 60 млн еуро төлеуге дайын

«Тоттенхэм» Бэйл үшін 60 млн еуро төлеуге дайын
news-banner7
mobile-news-top

Англиялық «Тоттенхэм Хотспур» командасы мадридтік «Реалдың» форварды Гарет Бэйл үшін 60 миллион еуро төлеуге әзір, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әзірге лондондық клуб Гарет Бэйлге жарты жалақысын ғана төлеуге әзір. Қалған 8,5 миллион еуроны «Реал» беруі қажет.

Айта кетейік, Гарет Бэйл корольдік клубқа «Тоттенхэмнан» 100 млн еуроға ауысқан болатын. Оның «Реалмен» келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін есептелген.

Ағымдағы маусымда мадридтік клуб сапында шабуылшы 42 матч өткізіп, он төрт гол соқты және алты нәтижелі пас берді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер