Румыниялық БАҚ: «Астанаға» Румынияда қиын болады

Румыниялық БАҚ: «Астанаға» Румынияда қиын болады
news-banner7
mobile-news-top

Soccerpunt басылымы «Астанаға» Румынияда қиын болатынын жазған, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Астана» өз алаңында «ЧФР Клуж» командасын 1:0 есебімен жеңген болатын. Бұған қарамастан румыниялық басылым қазақ клубына сырт алаңда қиынға соғытынын мәлімдеді.

- «ЧФР Клуж» биылғы маусымды Суперкубоктағы жеңілісімен бастады. Чемпиондар лигасының алғашқы матчында «Астанаға» дәл осындай 1:0 есебімен жол берген болатын. Ішкі чемпионатта да Петрескудің шәкірттері көңіл көншітерліктей нәтиже көрсете алар емес.

Қазақстанның чемпионы еурододада «Ренн», «Селтик», «БАТЭ» және «Апоэл» секілді азулы командаларды артта қалдырған. Алайда ұзақ сапар қазақтарды әлсірететіні сөзсіз, ал «ЧФР-ға» тым болмағанда бір гол соғу қажет, - деп жазды басылым.

Айта кетейік, «ЧФР Клуж» бен «Астана» арасындағы қарымта матч 17 шілде күні өтеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер