Әлем футболы

Инфаркт алған Касильяс жаңа қызметке тағайындалды

Инфаркт алған Касильяс жаңа қызметке тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

«Портудың» қақпашысы Икер Касильяс жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Порту» клубының ресми сайты қақпашының әкімшілік қызмет атқаратынын мәлім етті.

«Мен футбол алаңында жұмыс істедім, енді мені жаңа міндеттер күтіп тұр. Әкімшілік мәселелерді шешемін. Клуб басшылығы мен команданың арасында байланыс орнатамын. Мен президентпен сөйлестім, ол қайта құрылымдау кезінде командаға көмектесу үшін мені жаңа қызметке тағайындады, мені олармен бірге көргісі келеді. Мен барлық мүмкіндікті жасауға тырысамын », - деді Касильяс.

Естеріңізге сала кетейік, 37 жастағы қақпашы 1 мамыр күні жаттығудан соң өзін нашар сезінген. Артынша ол Портудағы ауруханаға жеткізілді. Қазір футболшының жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер