русский язык
Хоккей

«Сарыарқа» Словения құрамасының қорғаушысымен толықты

«Сарыарқа» Словения құрамасының қорғаушысымен толықты

Словения құрамасының қорғаушысы Жига Павлин «Сарыарқа» командасына ауысты, деп хабарлайды hockey-world.net сайты.

Өткен маусымда 29 жастағы хоккейші Швецияның екінші лигасындағы «Троя-Юнгбю» командасының намысын қорғаған. Павлин 57 ойында 26 (5+21) ұпай жинаған.

Сонымен қатар, ол Словения ұлттық құрамасының сапында Сочиде өткен Олимпиада ойындары мен соңғы 6 Әлем чемпионатында мұзайдынға шыққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;