Әлем футболы

Зидан португалиялық клубқа ауысты

news-banner7
mobile-news-top

Жартылай қорғаушы Энцо Зидан мансабын «Авеш» командасында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Португалиялық клубының баспасөз қызметінің жазуынша, келісімшарт екі жылға жасалған.

Өткен маусымда «Авеш» Португалия чемпионатында 14-ші орын алды. Клуб басшылары аңызға айналған Зинедин Зиданның ұлы команданың жоғары жетістікке жетуіне көмектеседі деп сеніп отыр.

24 жастағы ойыншы, «Реалдың» түлегі. Алайда мадридтік команданың негізгі құрамында бір ойын ғана өткізген. Одан бөлек, «Алавес» (4, 0), «Лозанна» (16, 2) және «Райо Махадаонда» (аренда, 27, 0) командаларында доп тепті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер