«Торпедо» - «Ордабасы» матчына кімдер төрелік етеді

news-banner7
mobile-news-top

Еуропа лигасы іріктеу кезеңі аясында өтетін «Торпедо» - «Ордабасы» кездесуінің төрешілері тағайындалды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Матч Грузия жерінде өтеді. Шымкент қаласында өткен алғашқы кездесудің нәтижесі 1:0 болған еді.

Қарымта кездесуге грециялық төрешілер қазылық жасайды. Атап айтқанда, ойынның бас қазысы – Аристотель Диамантопулос. Оған қос қапталдан отандастары Трифон Петропулос пен Иорданис Аптосоглу көмектеседі. Ал төртінші төреші – Гиоргиос Тзоварас.

Айта кетейік, матч 18 шілде күні елорда уақыты 23:00-де бас алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер