ҚПЛ: Өткен маусымда алты хет-трик тіркелген

news-banner7
mobile-news-top

«Қайраттың» шабуылшысы Мартон Эппель 2019 жылғы маусымдағы алғашқы хет-триктің авторы атанған еді, деп жазады Prosports.kz.

Венгриялық шабуылшы ел чемпионатының 18-ші туры аясында өткен «Қайрат» - «Қайсар» (5:1) матчында бір өз үш гол соқты. Осылайша, ҚПЛ-дің басталғанына бес ай, 108 ойын өткенде алғаш хет-трик тіркелген еді.

Ал өткен жылғы маусымда алғашқы хет-трик 4-ші турда, 7 сәуір күні тіркелген. «Астана» - «Ертіс» (6:1) матчында Бактиер Зайнутдинов үш гол соққан.

Ал жалпы өткен маусымда алты хет-трик көрдік. Авторлар: Милан Бойович («Жетісу»), Маркос Пиззелли («Ақтөбе»), Алексей Щеткин («Астана»), Оралхан Өміраев («Шахтер») және Марин Томасов («Астана»).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер