Жекпе-жектен облыстық жарыс өтуде
![Жекпе-жектен облыстық жарыс өтуде](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1408903421_91835329.jpg?v=28696768)
Ақтау қаласында ұлттық спортымыздың бір түрі – жекпе-жектен турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды kazsporttv.kz сайты.
«Қазіргі таңда ұлттық спорт қарқынды дамуда. Жекпе-жек спортына ушу саньда, панкратион, кикбоксингтің ережелері алынды. Біз жастарға төбелес тек ринг алаңында болу керек екенін айтамыз. Өз қарсыласыңды құрметтеу керек», - дейді Арман Әбілдә.
Бұл жекпе-жектен Қазақстан чемпионатына іріктеу жарысы. Бірінші және екінші орын алған спортшылар Қазақстан чемпионатына жолдама алады.