Хоккей

Боченски «Барысқа» оралмауы мүмкін

Боченски «Барысқа» оралмауы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасының және елордалық «Барыс» хоккей клубының капитаны Брэндон Боченски үлкен спортпен қоштасуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Eliteprospects.com порталындағы ойыншының жеке профилінде оның зейнеткерлікке шыққаны көрсетілген. Бірақ 37 жастағы спортшы өзі ресми түрде ештеңе мәлімдеген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін астаналық клуб келісімшартты ұзарту туралы ұсыныс жасағанымен, ойыншы жауап бермеген болатын.

«Барыс» 13 ойыншысымен қоштасты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер