Бокс

Дариға Шәкімова: Басты қарсылас - Қытай мен Ресей спортшылары

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 16 шілде күні Нұр-Сұлтанда бокстан дәстүрлі «Президент кубогы» додасы басталады. Аталған сынға қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы жарыс қарсаңындағы жаттығуын аяқтады.

Биыл боксшы қыздар бес салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Атап айтар болсақ, 51, 57, 60, 69 және 75 келіде турнир жеңімпаздары анықталады.

Кубоктық додаға қатысушылар арасына Азия чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дариға Шәкімова да бар.

«Президент кубогында әйелдер боксынан үш жылдан бері жүлде таратылып келеді. Бұл жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Ал әйелдер боксы күн санап қарқын алып келеді. Сол себепті, турнирге қатысатын спортшылар саны да көп. Біздің негізгі қарсыластарымыз Қытай мен Ресей боксшылары. Десе де, біздің елімізге келетін әр командада өз мықтылады бар. Біз әлем үздіктерін Нұр-Сұлтанда қарсы алып, қолғап түйістіруге дайынбыз», - дейді Шәкімова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер