Басқа

Семсерлесуден ӘЧ: Балаганская іріктеу кезеңінен өтті

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Будапештте семсерлесуден әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде шпагашы қыздар іріктеу сынына қатысты деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан командасы сапынан Ульяна Балаганская 1/64 айналымына өтті. Ол үздік 64 спортшы қатарына ену үшін алты кездесу өткізіп, бесеуінде жеңіске жетті. Балаганская жарысты 18 шілде күні жалғастырады.

Ал Әсел Әлібекова, Шанталь Жансүгірова және Владислава Андреевалар іріктеу сынынан өте алған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер