Басқа

Универсиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы беріледі

Универсиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы беріледі
news-banner7
mobile-news-top

Өткен аптаның соңында Неапольде өткен жазғы Универсиада ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл жарыста жеті медаль жеңіп алды, деп жазады Prosports.kz.

Енді жүлде алған қазақстандық студенттердің қанша сыйақы алатынын есептеп көрейік:

Үкіметтің 2014 жылы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысына және 2017 жылы 28 қарашадағы № 786 өзгертулеріне сәйкес спортшыларға ақшалай сыйақы төлеу қарастырылған: бірінші орын үшін - 15 мың доллар, екінші - 10 мың доллар, үшінші - 5 мың доллар. Сонымен қатар, бапкерлер де тиісті мөлшерде сыйақы алады. Қаулы бойынша, жеке жаттықтырушыға спортшы жүлдесінің 80% -ы беріледі.

Осы бойынша есептегенде, Қазақстан үкіметі жүлдегер спортшыларға төлейтін сыйақының жалпы сомасы - 53 млн. 886 мың теңге.

Айта кетейік, Универсиадаға Қазақстан атынан 94 спортшы қатысып, жеті медаль иеленді. Жалғыз «алтынды» дзюдошы Ғалымжан Қырықбай жеңіп алды. Күміс медаль: гимнастшы Нариман Құрбанов пен Милада Карими, жеңіл атлет Михаил Литвин, таэквондошы Смайыл Дүйсебай (87 келіге дейін) және Зоя Кравченко (стендтік ату). Ал Сәрсенкүл Рысбекова (стендтік ату) қола жүлдегер атанды. Жалпы командалық есепте 25-ші орын алды.

Тағы бір айта кетерлігі, өткен кезекті Универсиадада (Тайбэй-2017) қазақстандық спортшылар үш «алтын», алты күміс және жеті қола жүлде иеленген еді. Ал алтын медальдер саны бойынша ең үлкен көрсеткіш 2015 жылы Кванджуда (алты) тіркелген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер