Күрес

Еркін күрес: Әлем чемпионатына қатысатын құрам жақында анықталады

news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы Ресейдің Кисловодск қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиындарын аяқтады.

Бас бапкердің айтуынша, аталған жиынның әлем чемпионаты қарсаңында маңызы зор.

- Оқу-жаттығу жиындары ойдағыдай өтті. Бізден бөлек, Өзбекстан мен Беларусь ұлттық құрамалары қатысты. Жиында балуандардың жалпы дене жаттығуына көңіл бөліп, таудағы жаттығуларға назар аударылды. Енді балуандарымыз Польшада өтетін халықаралық турнирге дайындалады. Әлем чемпионатына қатысатын құрамды әлі толық нақтылаған жоқпыз. Польшадағы турнирден соң өз жеріміздегі додада кімдердің бақ сынайтыны анықталады. Балуандардың алдында әлі екі жиын бар. Бірі Алматы облысындағы АІВА академиясының базасында өтсе, чемпионат қарсаңындағы шешуші жаттығу жиыны Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылады. Елімізде өтетін лицензиялық әлем чемпионатына дайындық қызу өтуде. Біз үлкен жауапкершілік сезінудеміз. Әзірге айтарым осы. Қалғанын уақытында кілем көрсетеді, - дейді бас бапкер Әсет Серікбаев.

Күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионаты 14-22 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтанда өтеді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер