Осы маусымдағы алғашқы хет-трикті 108 матч күттік

Осы маусымдағы алғашқы хет-трикті 108 матч күттік
news-banner7
mobile-news-top

«Қайраттың» шабуылшысы Мартон Эппель 2019 жылғы маусымдағы алғашқы хет-триктің авторы, деп жазады Prosports.kz.

Эппель «Қайсарға» қарсы ойында үш доп соқты. Венгриялық шабуылшы үш матч бойы негізгі құрамнан орын ала алмай жүрген еді. Ол Еуропа лигасында «Широки Бриегпен» болған матчта дубль жасап, алматылық клубқа жеңіс сыйлаған Адеринсола Эсеоланың орнына негізгі құрамда шықты.

Айта кету керек, «Қайрат» - «Қайсар» матчына дейін ҚПЛ-дың осы маусымында 108 ойын болған екен. Чемпионаттың басталғанына бес ай өтсе де, ешбір футболшы дәл бүгінге дейін бір матчта үш гол соғып көрмепті.

Эппель біріншілікте 8 голдың авторы атанған. Ол мергендер тізімінде «Ордабасыдағы» Тоқтар Жаңғылышбаймен үшінші орынды бөлісіп тұр. 9 голдан соққан «Астана» футболшысы Марин Томасов пен тағы бір ордабасылық Жоао Пауло тізімде екінші орында. Ал, көшті еншісінде 11 нәтижелі соққысы бар Адеринсола Эсеола(«Қайрат») бастап тұр.

Салыстыра кетсек, өткен маусымда алғашқы хет-трик төртінші турда орын алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер