Владимир Газзаев: Біздің командаға мықты құрам жетіспейді

Владимир Газзаев: Біздің командаға мықты құрам жетіспейді
news-banner7
mobile-news-top

«Тобылдың» бас бапкері Владимир Газзаев — «Ордабасымен» өткен матч жайлы өз ойын білдірді, деп жазады Prosports.kzшымкенттік клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

— Ойын өте қызықты болды: біз матч қиын болады деп ойладық. «Ордабасының» құрамында тəжірибелі футболшылар өнер көрсетеді. Ойынға келетін болсақ, біздің команда алғашқы таймды керемет өткізді. Ал екінші таймда басымдық «Ордабасының» жағында болды, қос команданың да гол соға алатын мүмкіндіктері болды. Нəтиже кез келген команданың пайдасына шешілуі мүмкін еді. Тең есеп — заңды түрдегі нəтиже деп есептеймін, бірақ біз мұнда жеңіс үшін келдік жəне жеңіс үшін ойнадық.

Дегенмен, осындай жақсы командаға қарсы қонақта тең түсу жаман емес. Оның үстіне, біз 7 күн бойы сырт жерде жүрміз. Əрине, бұл физикалық тұрғыда да, психологиялық тұрғыда да шаршаңқылыққа əкеп соғады. Мұндай қиын күнтізбе бізде де, «Ордабасыда» да бар. Барлық кездесулер қиын болады, жəне барлығында да жеңіске жету маңызды. Əрине, біздің командаға мықты құрам жетіспейді. Бірақ, мен барын салып жүрген ойыншыларыма ризамын. Бүгін олар соңына күресе білді. Сондықтан, тең есеп — заңды нəтиже.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер