Кахабер Цхададзе: Жоғары деңгейдегі ойын болды

Кахабер Цхададзе: Жоғары деңгейдегі ойын болды
news-banner7
mobile-news-top

«Ордабасының» бас бапкері Кахабер Цхададзе «Тобылмен» өткен ойындағы нəтижеге өз пікірін білдірді, деп жазады Prosports.kz шымкенттік клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

— Менің ойымша, жоғары деңгейдегі матч болды. Чемпиондыққа соңына дейін таласатын, екі көшбасшы ұжым ойнады. Осыған дейін «Тобылда» да, бізде де қиын матчтар болды, бірақ бұған қарамастан, біз жақсы ойын көрсеттік жəне екінші таймда қарқын қостық. Осындай ойындарда тек бір гол кездесу тағдырын шешіп кетеді, бірақ, өкінішке орай, сол бір голды соғу қолымыздан келмеді.

Соңғы матчтарда біздің команда өте тұрақты жəне жақсы ойын көрсетуде, комбинациялы футболмен қатар, қорғаныстағы сенімді ойын да біздің ойыншыларға тəн. Ойыншыларымды жазғыра алмаймын, бірақ біз голды өте сирек соғудамыз. Көптеген мүмкіндіктер ұйымдастырып, аз гол саламыз. Бұл бір күннің ішінде қалыпқа келмейді. Сондықтан, осыны түзетуге ұмтылып, футболшыларға жекелей жаттығулармен айналысу қажет. Біз тырысамыз, бірақ кесте өте тығыз, енді ғана қалып келген сəтте бірден оцын өткізуге тура келеді. Гол соғылмағанына қарамастан, жігіттерге рахмет, көрермендер осы ойындағы тартыстан, бəсекеден жақсы сезімге бөленді деген ойдамын.

Əр ойынның алдында мен əрқашан да біздің жанкүйерлердің талапшыл екендігін айтамын жəне біз бұл нəрсеге құрметпен қараймыз. Біз олардың қалай қолдау көрсететінін көреміз, жəне осының əсерінен, біздің ойыншыларын бар күш-жүгерін ортаға салады жəне жанкүйерлер де мұны құрметтейді деген ойдамын. Əрқашан да біз ойлағандай бола бермейді, бірақ біздің тырысып жатқанымыз, ойын жүйесі мен футболшыларымыздың қалыпы — бұл кестеге қарамастан, өте жақсы. Нəтиже қолайлы деген ойдамын жəне бірнеше күннен кейін осы маусымдағы өте маңызды кездесулердің бірі, сондықтан ойыншыларды барынша қалыпқа келтіру қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер