ҚПЛ. Алыптарды «сыйлайтын» «Қайсар», Көкшетаудағы төрешілер дауы

ҚПЛ. Алыптарды «сыйлайтын» «Қайсар», Көкшетаудағы төрешілер дауы
news-banner7
mobile-news-top

«Тобыл» Шымкентте бір ұпай алып, бірінші орынға шықты. Алматылық «Қайрат» қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді, Көкшетауда төрешілер қалтадағы түрлі-түсті қағаздарды оңды-солды "таратты".

18-турдың ойындары екі күнге бөлінді. Сенбі күні «Жетісу» «Ертісті» ойсырата ұтқан. Ал, «Ақтөбе» өз алаңында «Шахтермен» болған матчта тең нәтижені жұлып алды. Айта кетейік, «Астана» 18-турдың ойынын сонау сәуір айында «Атырауға» қарсы өткізіп, 3:1 есебімен жеңіске жетіп қойған еді.

Осылайшар, жексенбі күні қалған үш матч өтті.

«Оқжетпес» — «Тараз» 3:1 (0:1)

Голдар: Ньюадзи 35 (0:1), Стоянович пенальтиден 49 (1:1), Данило 75 (2:1), Жұмаханов 80 (3:1)

«Тараз» Көкшетаудағы матчты тәп-тәуір бастаған. Қонақтан ұпайсыз қайтпаймыз деген ниетін жамбылдықтар алғашқы минуттадан байқатты. Шабуылдары өткір болды. Өткен турда командасына бір ұпай сыйлаған Серж Ньюадзи, тағы да мергендік танытып 35-ші минутта есеп ашты. Алайда Михайло Йованович аяқ асты қуылып, командасын қиын жағдайға қалдырды. Сербиялық футболшының Александр Кислицинге қарсы қол сілтегені болмаса, жұдырық ала ұмтылған жоқ. Әйткенмен, төрешінің қызыл қағаз көрсетуіне Михайлоның дөрекі сөз айтқаны себепші болған шығар. Бас қазының шешімін басқалай ақтап алуға болмайды. Бұл жерде Кислициннің ісіне де мән бөрген жөн. Ешкімге білдіртпей тыныш кетіп бара жатқан футболшыны аяқтан шалып қалды. Александр да жазалануы тиіс еді. Бір ойыншыға кем қалған «Тараз» екінші таймда алаң қожайындарына қарсылық таныта алмады. Бас қазы ойын соңында көкшеліктер сапынан да бір ойыншыны қызыл қағазбен «мараппатады».

«Ордабасы» - «Тобыл» 0:0

Екі команда да апта ортасында еурокубокта ойнады. Қос ұжымда да ротация жасайтын мүмкіндік жоқ. Сондықтан жанкүйерлер күткен тартысты матч бола қойған жоқ. Қауіпті сәттер де аз болды. Әйтеуір, «Тобыл» да, «Ордабасы» да келесі аптада Еуропа лигасының екінші кезеңіне жолдама алса болды. Бір ұпайға «Тобыл» іштей қанағаттанды деуге болатын шығар. Себебі, қостанайлықтар көш басына шықты. Ал «Ордабасы» «Қайратты» үшінші орынға жіберіп қойды.

«Қайрат» - «Қайсар» 5:1(1:0)

Голдар: Эппель 16 (1:0), Эппель 59 (2:0), Әбікен 62 (3:0), Эппель 73 (4:0), Исламхан пенальтиден 80 (5:0), Барсегян 88 (5:1).

Алматылық «Қайрат» Адеринсола Эсеола мен Бауыржан Исламхансыз да «Қайсардың» апшысын қуырды. Иә, Исламхан екінші таймда алаңға шықты. Әйткенмен, ол кезде матчтың тағдыры шешіліп қойған болатын. Марсель Исламкуловтың қақпасына ол кезде жауапсыз үш доп соғылып қойған. Төрт тур үнсіздік танытқан Мартин Эппель хет-трик авторы атанды. «Қайсарды» соңғы ойындарда түсіну қиын. Өткен турда екі доп айырмашылығымен «Шахтерді» ұтып жатып, жеңісті уыстан шығарып алды. Бір ай бұрын «Астанадан» ірі есеппен ұтылған. Бүгін Алматыда тас-талқан болды. Дәл осындай ойынымен «қасқырлар» түбі бірінші алтылықтан тыс қалса да таңқалудың қажеті шамалы.

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер