русский язык
Футбол

Қызылордада халықаралық талаптарға сай стадион бой көтермек

Қызылордада халықаралық талаптарға сай стадион бой көтермек

Алдағы бірер жылдың бедерінде Сырдарияның жағалауында 10-12 мыңдық көрерменге лайықталған заманауи стадионның құрылысы басталады, деп мәлімдейді ivest.kz.

«Осы ретте, 2016 жылы Сырдарияның жағалауында 10-12 мыңдық көрерменге лайықталған заманауи стадионның құрылысы басталады. Сол стадионда «Қайсардың» ойындары өтетін болады. Сондай-ақ, «Қайсар» футбол клубының базасы салынады. Онда футболшылар үшін барлық жағдай жасалады. Жанында 6 футбол алаңы салынады, оның үшеуіне жасанды, қалған үшеуіне табиғи шөп төселеді. Ал қазіргі стадион Қызылорданың екінші командасы «Байқоңырға» беріледі. Қазақстан біріншілігінің Екінші лигасында өнер көрсететін, енді аяғынан тік тұрып келе жатқан «Байқоңырдың» алдына Бірінші лигаға жолдама алу міндеті қойылып отыр», - дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Садық Мұстафаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;