Бокс

Головкин ТМД елдеріндегі ең табысты боксшы атанды

Головкин ТМД елдеріндегі ең табысты боксшы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Forbes журналы 2019 жылы ең көп қаржы төленген спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты кәсіпқой бокс жаңалықтар порталының Вконтакте парақшасына сілтеме жасап.

Тізімге қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин енген.

«GGG-дің биыл тапқан жалпы табысы 25,5 млн доллардан асты. Оның 23,5 млн доллары - Роллспен айқасы үшін гонорар, ал 2 млн доллар - демеушілік келісімшарттардан түскен. Forbes рейтингінде Головкин 95-орынға тұрақтаған және посткеңестік елдер арасында тізімге енген жалғыз спортшы атанды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Головкин маусым айында канадалық боксшы Стив Роллспен кездескен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер