Басқа

Шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогы өтіп жатыр

Шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогы өтіп жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Щучинскіде шаңғымен тұғырдан секіруден FIS құрлықтық кубогі басталды. К-125 тұғырынан секіруден қазақстандық Сергей Ткаченко қола медаль иеленді.

Ткаченко 260.5 ұпаймен үздік үштікке еніп отыр. Бірінші орынды австриялық Максимилиан Лейнхер (270.1) иеленсе, екінші орынды жапондық Наоки Накамура (268.4) еншіледі.

Тағы бір қазақстандық спортшы Сабыржан Мүмінов 14-ші сатыға тұрақтады. Қазақстан соңғы 15 жылдан бері алғаш рет құрлықтық кубок бәсекесінде жүлде алып отыр. 2004 жылы Германияда өткен турнирде Радик Жапаров қола жүлдегер атанған болатын.
Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер