Басқа

Футбол алаңында жарақат алған бала қайтыс болды

Футбол алаңында жарақат алған бала қайтыс болды
news-banner7
mobile-news-top

Қостанайда 28 маусым күні футбол алаңында жарақат алған Намих Шишинов қайтыс болды, деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымы.

Қайғылы жағдай туралы марқұмның туыстары хабарлаған. Мамандар баланы дүйсенбі күні Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханаға ауыстырмақ болған. Алайда, сенбіден жексенбіге қараған түні оның жағдайы күрт нашарлап кеткен. Намих Шишинов таңға жуық көз жұмды.

Айта кетейік, футбол қақпасының астында қалған балақай аса ауыр жарақаттар алып, оның ішкі ағзалары жарылып кеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер