Тоқаев Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дзюдошы Елдос Сметовті Гран При жарысындағы жеңісімен құттықтады.
«Белгілі спортшымыз Елдос Сметовті әлемдік дзюдо додасындағы айқын жеңісімен құттықтаймын! Жарайсың бауырым! Биік шыңдарға жете бер! Өзің сияқты спортшылардың жетістіктері - жас буынға жақсы үлгі», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік, қазақстандық Елдос Сметов Будапеште дзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінің жеңімпазы атанған болатын.