русский язык
Футбол

«Тобыл» қолда тұрған жеңістен айырылды

«Тобыл» қолда тұрған жеңістен айырылды

Никитенко баптайтын «Атырау» сырт алаңда қостанайлық «Тобыл» жеңіп, үш ұпай қанжығалады.

Матчтта алаң иелері есепті ашқанымен, таблодағы есеп мәнін «Атырау» түйіндеді. Кездесудің 30-шы минутында Нұрбол Жұмасқалиев көзге түсіп командасын алға шығарды. Алайда екінші таймның басында Айбар Нұрыбеков таразы басын теңестіріп кетті. Ал 10 минут өткеннен кейін Ренат Абдулин «Тобыл» қақпасына екінші голды соғып, командасына жеңісті сыйлады.

 

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 23-ші тур.

«Тобыл» (Қостанай)  - «Атырау» (Атырау) - 1:2 (1:0)

Голдар: Жұмасқалиев 30 – Нұрыбеков 57, Абдулин 69

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;