Еркін күрес

Балуандарымыз Яшар Догу турнирінен төрт медаль жеңіп алды

Балуандарымыз Яшар Догу турнирінен төрт медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

11 шілде күні Стамбулда еркін және әйелдер күресінен халықаралық Яшар Догу турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Дәстүрлі бәсеке биыл 47-ші рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа әлемнің 35 мемлекетінен 300-ге жуық балуан қатысуда.

Әзірге, қазақстандық балуандар төрт медаль жеңіп алды. 55 келідегі Зүлфия Яхярова рейтингілік турнирдің күмісін иеленсе, Марина Седнева (55 келі) мен Айна Теміртасова (65 келі) және Ілияс Жұмай (70 келі) қола жүлдегерлер қатарында.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер