Бокс

Мұса Тұрсынғалиев 29 жеңісі бар боксшыны ұтты

Мұса Тұрсынғалиев 29 жеңісі бар боксшыны ұтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Отандық нокаутердің қарсыласы панамалық Рикардо Нуньес болған. Боксшылар Голливудтегі Seminole Hard Rock Hotel and Casino-да өткен бокс кешінде жұдырықтасты.

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. Бірақ алтыншы раундта Нуньестің жарақат алуына байланысты жекпе-жек тоқтатылды. Нәтижесінде төрешілер бір ауыздан жеңісті Тұрсынғалиевке берді – 58:56, 59:55, 60:54.

Осылайша, Тұрсынғалиев кәсіпқой бокста тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. Оның алтауы – нокаутпен. Ал еншісінде 29 жеңісі бар Нуньестің бұл оныншы жеңілісі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер