Бокс

Сауль Альвареске тағы бір қарсылас ұсынылды

Сауль Альвареске тағы бір қарсылас ұсынылды
news-banner7
mobile-news-top

Top Rank басшысы Боб Арумның айтуына қарағанда, мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізуге тағы бір үміткер пайда болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

12 шілдеде Токиода өткен кәсіпқой бокс кешінде орта салмақта WBA Regular белбеуі сарапқа салынған. Ол үшін Риото Мурата мен Роб Брант жұдырықтасты. Жапониялық боксшы қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.

Жекпе-жектен кейін Муратаның промоутері Боб Арум өз боксшысының алдағы жоспарларымен бөлісті: «Мурата Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізуге дайын».

Альваресте орта салмақта WBA Super титулы бар, сондықтан Мурата онымен жекпе-жек өткізуге үміткер бола алады.

Естеріңізге салсақ, Сауль Альварес келесі жекпе-жегін 14 қыркүйекте өткізуді жоспарлап отыр. Бірақ қарсыласы әлі анықталған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер