Қазақстандық футболшының нәтижелі пасы беларусьтік клубтың жеңіске жетуіне көмектесті

Қазақстандық футболшының нәтижелі пасы беларусьтік клубтың жеңіске жетуіне көмектесті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық жас футболшылар Владислав Васильев пен Жахонгир Ходжамов өнер көрсететін минскілік «Энергетик-БГУ» Беларусь чемпионатының 15-турында «Днипроны» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Матч 4:3 есебімен аяқталды. Васильев алаңға бірінші минуттан шықса, Ходжамов қосалқы құрамда қалды.

Владислав Васильев 24-минутта нәтижелі пас берді. Бұл оның осы маусымдағы жетінші ассисті.

Осы жеңістен соң «Энергетик» чемпионатта 11-орында келе жатыр.

Естеріңізге салсақ, Васильев жақын арада Беларусь чемпионатының көшбасшысы бресттік «Динамомен» келісімшартқа отырып, кейін «Энергетикке» жалға берілетіні хабарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер