Қысқы

Сергей Ткаченко FIS кубогында 8-ші орын алды

news-banner7
mobile-news-top

12 шілде күні Щучинск қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогінің екінші жарыс күні мәресіне жетті. К-95 тұғырынан секіруден қазақстандық Сергей Ткаченко сегізінші орын алды.

Ткаченко 208.3 нәтижесін тіркеген. Ал Сабыржан Мүмінов 203.4 көрсеткішімен тоғызыншы орында.

Бұл сында австриялық Максимилиан Лейнхер (230.1) жеңіске жетті. Екінші орын Словения, үшінші орын Германия спортшыларының еншісінде.

Айта кетейік, 11-14 шілде аралығында Щучинскіде шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогі өтуде. Аталған халықаралық турнирге 11 елден спортшылар қатысып жатыр.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер