Азамат Айтқожин: Біздің клубтар толықтай оң жетістікке қол жеткізді

Азамат Айтқожин: Біздің клубтар толықтай оң жетістікке қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин еурокубок турнирлерінің іріктеу кезеңінде алғашқы ойындарын табысты өткізген отандық футбол клубтарын құттықтады.

Біздің команда жыл сайын еурокубок маусымын сәтті бастап келеді. Бұл жолы еліміздің мықты клубтары алғашқы ойындарда толықтай оң жетістікке қол жеткізді деуге болады. Ең басты стадионға жиналған және теледидар алдында тамашалаған футбол жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады.

Ең алдымен «Астана» футбол клубының Чемпиондар Лигасындағы маңызды жеңісін атап өткім келеді. Қарсыластың қиын болғанына қарамастан елордалық «Астана» өз алаңында Румынияның «ЧФР Клуж» командасын ұтты. Қарымта кездесудің де оңайға түспейтіні анық. Алайда, елордалық футболшылар келесі айналымға өтеді деп сенеміз.

Қостанайдың «Тобылы» қонақта тең ойнап қайтты. Ел чемпионатының қола жүлдегері қарымта кездесудің айқын фавориті екені анық. Жаңа еурокубок маусымында «Тобыл» іріктеу кезеңінен іркілмей өтеді деп үміттенеміз.

Шымкенттің «Ордабасы» футболшылары Грузияның «Торпедосымен» болған ойынды толықтай шабуылда өткізді. «Ордабасы» футболшыларды маңызды голд соғып, ойынды жеңіспен аяқтады.

Алматылық «Қайрат» та қалыс қалмай, отандық футбол жанкүйерлерін қуантты. Босния және Герцеговинаның «Широки Бриег» командасына қарсы лайықты ойын көрсетіп, жанкүйерлерге футбол мерекесін сыйға тартты.

Барлық командаларға қарымта кездесуде сәттілік пен керемет ойын тілеймін!

Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер