12 шілде 16:54

Біржан Жақыпов: «Президенттің Кубогы – тартысты жарыс»

Біржан Жақыпов: «Президенттің Кубогы – тартысты жарыс»

Әлем чемпионы Біржан Жақыпов алдағы өтетін «Президент Кубогы» туралы әңгімеледі, деп жазады Prosports.kz, Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

 - Біржан, Президенттің Кубогы туралы айтып кетсеңіз

- Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы турниріне боксшы ретінде үш рет қатысқанмын. Кубоктың үш дүркін чемпионы атанған болатынмын. Менен басқа Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев те үш рет қатысып, үшеуінде де жеңімпаз атанған. Жыл сайын Елбасымыздың турниріне келіп, боксшыларды тамашалап кетемін. Биыл да көрермер боламын деген ойдамын.

- Құпия болмаса, құраманың қай жігіттеріне жанкүйер боласыз?

- Құраманың барлық жігіттеріне көңілім бірдей. Себебі, біраз жігіттермен командалас болдым. Менің достарым болып қалды. Қазір жастар құрамасынан тағы жігіттер қосылып отыр. Оларды сырттай бақылап жүрмін. Болашағы зор, үлкен үміт күтуге болатын мықты боксшылар.

- Турнирде чемпион атануға кімнің мүмкіндігі бар?

- Чемпион атануға барлық жігіттердің мүмкіндіктері бар. Спортта қанша жылдан бері жүргендіктен, спортты білгендіктен, нақты айта аламын – біздің жігіттердің әрқайсысы жеңімпаз бола алады. Чемпион атануға лайықты боксшылар.

- Біздің қарсыластарымыз кімдер?

- Қазіргі таңда өзбек боксшылары, орыс боксшылары бар. Кіші салмақ дәрежесінде Азия елдерінің мықты спортшылары біздің жігіттерге бәсекелес бола алады. Турнир тартысты өтетін болар. Жыл сайын тартысты өтіп, үлкен қызығушылық тудыратын жарыс.

- Командаға тілейтініңіз?

- Турнирде мықтысы жеңсін. Біздің жігіттерге жеңіс тілеймін. Кубоктың чемпионы атанып, Әлем чемпионатына, одан кейін Олмипиадаға баруларына тілектеспін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.