Бокс

Ғалымбек Кенжебаев: Елордаға 13 елдің ең мықты боксшылары келе жатыр

Ғалымбек Кенжебаев: Елордаға 13 елдің ең мықты боксшылары келе жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан 16-21 шілде аралығында Нұр-Сұлтанда өтетін Президент Кубогіне 13 мемлекеттің ең мықты былғары қолғап шеберлері қатысады.

«Алда өткелі отырған Президент кубогы боксшыларымыз үшін маңызды жарыстардың бірі. Өйткені, әлем чемпионаты қарсаңында ұлттық құрама қатарына ілігетін боксшылар тап осы турнирде таңдалады. Бұл жарысқа әлемнің 13 мемлекетінен ең таңдаулы боксшылар келе жатыр. Алды келіп үлгерді. Біз олармен бірлесіп, соңғы оқу-жаттығу жиынымызды пысықтап жатырмыз», - деді бас бапкер.

Сондай-ақ, бас бапкер ұлттық құрама боксшыларының бұл додаға тас-түйін дайын екенін жеткізді.

«Биылғы Президент кубогі бұрынғыдан өзгеше болмақ. Бұл жолы бұрынғыдай он салмақ емес, сегіз салмақ дәрежесінде үздіктер анықталады. Жарысқа Азия чемпионатындағы құрам мен Спартакиада жеңімпаздары қатысады. Бүгінгі таңда боксшылар жарысқа тас-түйін дайын», деп атап өтті Ғалымбек Кенжебаев.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер