Бокс

Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусінов туралы ойын ашық айтты

Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусінов туралы ойын ашық айтты
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің кеңесшісі Мырзағали Айтжанов қазақстандық спортшылардың кәсіпқой боксқа кетуінің себебін айтты.

Қазақстан құрамасын шамамен 10 жылдай жаттықтырған бұрынғы бас бапкердің айтуынша, спортшылардың кәсіпқой боксқа ауысуының өз себебі бар.

- Біз барлығын ұстап тұра алмаймыз. Неге? Себебі, бокшылардың басым бөлігі отбасылы. Ал ұлттық құрамада барлығына орын табыла бермейді. Сондықтан кейбір спортшылар "кәсіпқойда бағымды сынайын, ертерек чемпион белбеулерін ұтып алайын, әлем чемпионы атанайын" деп сол жаққа ауысып жатыр, - дейді ол.

Осы орайда Мырзағали Айтжанов кәсіпқой боксқа ауысып, сәтті өнер көрсетіп жүрген Данияр Елеусіновке жеке тоқталды.

- Данияр әуесқой бокста, яғни Азия чемпионаты, Азия ойындары, әлем чемпионаты, Олимпиада ойындарында топ жарып, бірінші орын алды. Сондықтан ол кәсіпқойда Геннадий Головкин ағасы сияқты өзімді сол жерде сынаймын, кәсіпқой бокстың рингін бағындырамын деп сол жаққа ауысты. Біз оған сәттілік тілейміз. Хабарласып тұрамыз, - деді Айтжанов Sputnik Қазақстан сайтына берген сұқбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер