Дзюдо

Ақтауда Азия кубогы өтеді

Ақтауда Азия кубогы өтеді
news-banner7
mobile-news-top

18-19 шілде күндері Ақтауда «Маңыстау-арена» спорт кешенінде дзюдодан Т.Жолдыбаевты еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасында Азия кубогы өтеді.

Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өткізілетін турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Гонконг, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Ресей және Испаниядан 250-ден аса татами шебері қатысады.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпайлар қосылады. 1 орын алған спортшыға 100 ұпайдан берілсе, 2 орын алған жүлдегерге 60 ұпайдан, 3 орын иеленген дзюдошыға 40 ұпайдан қосылады.

Жарыс бағдарламасы:

18 шілде

Жарыстың басталуы – 10:00

Ерлер: - 60 кг, - 66 кг, - 73 кг

Әйелдер: - 48 кг, - 52 кг, - 57 кг, - 63 кг

Жарыстың ашылу салтанаты – 16:30

Ақтық белдесулер – 17:00

19 шілде

Жарыстың басталуы – 10:00

Ерлер: - 81 кг, - 90 кг, - 100 кг, +100 кг

Әйелдер: - 70 кг, - 78 кг, +78 кг

Ақтық белдесулер – 17:00

Түпнұсқасы: fdk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер