Бокс

Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы белгілі болды

Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) рингке 27 шілдеде оралады. Ол Арлингтондегі (АҚШ, Техас штаты) College Park Center аренасында жұдырықтасады.

Аталмыш сайттың Boxrec.com мәліметтеріне сүйене отырып таратқан ақпараттарына қарағанда, Данияр Елеусіновтің қарсыласы «Тышқан» деген лақап атпен белгілі 26 жастағы Оскар Кортес (27-4, 14 КО). Ол өзінің рекордынан бөлек Сауль Альварестің жеке промоутерлік компаниясы Canelo Promotions-тің клиенті болғанын және танымал боксшының бапкерлері Хосе мен Эдди Рейносоның қол астында жатыққанын мақтан ете алады.

Данияр Елеусіновтің қатысуымен болатын бокс кешінің хедлайнерлері бірінші жартылай салмақтағы Хосе Карлос Рамирес (24-0, 16 КО) пен Морис Хукер (26-0-3, 17 КО). Олар WBC мен WBO тұжырымдары бойынша чемпион атағын сарапқа салады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер