русский язык
Велоспорт

Бурабайда «Rixos Borovoe – 2014» велошеруі өтіп жатыр

Бурабайда «Rixos Borovoe – 2014» велошеруі өтіп жатыр

Бүгін жыл сайынғы дәстүр бойынша Щучье-Бурабай шипажай аймағында «Rixos Borovoe – 2014» қайырымдылық велошеруі басталды, деп мәлімдейді Baq.kz сайты.

Оған әлемдік велоспорт жұлдыздары қатысуда. Акцияға демеушілік көрсеткендердің бірі олимпиада чемпионы Александр Винокуров.

«Бұл велошерудің мақсаты қайырымдылық, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу. Қазақстандағы дәстүрге айналған шара әлемде өз жалғасын табады деп ойлаймын. Сонымен бірге, Щучье-Бурабай шипажай аумағын өзгелерге таныта түсу», - деді Александр Винокуров баспасөз мәжілісі барысында.

 Акцияны қолдау мақсатында шеруге қазақстандық «Astana» велокомандасының мүшелері - Микеле Скарпони, Якоб Фульсанг және команда капитаны Винченсо Нибали де қатысып жатыр. Қайырымдылық велошеруін «Rixos-Бурабай» қонақ үйі мен Болат Өтемұратовтың «Асыл мирас» қайырымдылық қоры бірлестігі ұйымдастыруда.

«Тағы бір мақсатымыз - Көкшетаудағы облыстық перинаталды орталықтағы балалар жансақтау бөлімін кеңейтуге қажетті қаржыны жинау. Былтырғы шеру нәтижесінде 70-тен астам балаға күтім көрсетілген болатын»,- деді Ақмола облыстық перинаталды орталығы директорының орынбасары Наталья Цыплакова.

«Rixos Borovoe – 2014» қайырымдылық велошеруі нәтижесінде 11,5 млн теңгеге жуық қаржы жинап, облыстық перинаталды орталықтағы шала туған балаларды күтуге қажетті құрал жабдықпег қамтамасыз етуге септігін тигізген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;